
Осы Ереже қала азаматтарының тұруы үшін жайлылықты арттыру, тәртіпті орнату және тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына ұқыпты қарауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, үй маңындағы аумақтарды, көшелерді, аула алаңдарын абаттандыруды жақсартуға және сақтауға жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Конкурсты өткізу шарттары:
Байқауға көше, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары, бастамашыл азаматтар қатысады.
Жеңімпазды анықтау үшін негізгі критерийлер:
1.Гүл бақшасының жалпы құрамы (түс комбинациясы, деңгей, эстетика).
2.Ерекше дизайн жобасы, гүлзарлар, көгалдар, басқа екпелер жасауға және оларды күтіп ұстауға шығармашылық көзқарас (гүлзарлардың дизайнында әртүрлі материалдарды қолдану).
3.Гүлзарлардың әртүрлі түрлері мен формаларын қолдану.
4.Әр түрлі гүлдену кезеңдері бар гүлзарларда өсімдіктерді таңдау.
5.Өсімдіктердің күтім жасау дәрежесі.
(Қатысушының мекенжайы, аты-жөні және телефоны көрсетілген гүлзарлар мен ауланың фотосуретін: mc_ridder@mail.ru электрондық поштаға жіберіңіздер.
Байқаудың қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды.
Конкурстың қорытындысы 30 тамызда сағат 11-де Мәдениет Сарайының алдындағы скверде Республика Конституциясы күніне арналған Қалалық гүлдер көрмесі аясында өтеді.
Байқау жеңімпазы «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің бағалы сыйлығымен марапатталады
Қаламызды БІРГЕ гүлдендірейік!