
Командалар: дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд, жеңіл атлетика спорт түрлерінен өнер көрсетті, аталған жарыстарда спортшылар тұғырда құрметті орындарға ие болды. Риддерлік жеңіл атлеттер тамаша нәтижелер көрсетті: Гладышев Роман мен Колганов Михаил 1000 және 400 метрге жүгіруде алтын жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Риддер қаласы 3-ші орынды иеленді. Риддер қаласының спорт ардагерлеріне қатысқаны және жеңістері үшін алғыс айтамыз!