
Табиғи ортада өрттің алдын алу мақсатында Риддер қ. ТЖ басқарамасы, 1-МӨСБ және 14-ӨСБ қызметкерлері орман мекемелері, ішкі істер бөлімі және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесіп күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Бүгінгі күні 361 рейд жүргізіліп, 410 адам қамтылды. Алдын алу шараларын өткізу кезінде демалушыларға жаднамалар беріліп, қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі, бұзушылар анықталады. Мәселен, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Риддер қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын қырағы болуға шақырады және ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.