
Астананың 25 жылдығына орай Риддер қаласында өткен "Мерейлі Отбасы-2023" республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Барлығы 10 өтінім берілді, оның 7-і байқауға қатысуға жіберілді.
Ол Құрбаниязовтар, Никоновтар, Феклистовтар, Шматовтар, Төлегеновтар, Вобликовтар, Кузьминдер отбасылары.
Әр отбасы ерекше, жетістіктері бар және жас ұрпақ үшін керемет үлгі бола алады. Отбасылар өздерінің белсенді өмір салтын растай отырып, бейне- тұсаукесерлер дайындап, сипаттамаларын, ұсыныс хаттарын және т.б. ұсынды.
Комиссия екі отбасы облыстық іріктеу турында Риддердің атынан қатысады деп шешті. Әр отбасы номинациялармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Никоновтар отбасы мен Вобликовтар отбасына облыстық турда сәттілік тілейміз!