
Шығыс Қазақстан облысының аумағында төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты, ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар, сауалнама нысанына ауыстырылды
“Ленинградский пивоваренный завод “Риддер” ЖШС, ШҚО, Риддер қаласы, 9 Май көшесі мекенжайында орналасқан шағын сыра зауыты мен кафесы, қызметкерлерге арналған қонақжай құрылыстары” жоба бойынша.
Өткізу күні: 20.04.2020ж
Мекен-жайы: ҚР, ШҚО, Риддер қаласы, 9 Май көшесі 1
Есепті жасау күні: 20.04.2020ж
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұртшылық назарына "Рудный Алтай" №30 газетінің 17.03.2020 ж, DIDAR №30 газетінің 17.03.2020ж арқылы жеткізілді.
Сауалнаманың материалдарымен танысу 20.04.2020 ж. 9Мая көшесі 1 бойынша жүргізілді.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру орны: ҚР, ШҚО, Риддер қ.
Құжаттаманың толық атауы: Жобалық құжаттама
Тапсырыс беруші: “Ленинградский пивоваренный завод “Риддер”
Әзірлеуші: “Проект Студия” ЖШС
Сауалнама нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі:
Курек көшесі, Киров көшесі бойындағы үйлерді, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды аралау.
Сауалнама нысанында қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін өңдеу:
Сауалнама түрінде қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде, сұрақтарымен 4 сауалнама парағы келіп түсті.
Тапсырыс берушіге сауалнама нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін ұсынылды:
Сұралғандардың бір бөлігі жобаны ескертусіз қолдайды. Сұралғандардың қалған бөлігі қарсы, егерде олардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілмесе. Ескертулер тізімі:
1) Құрылыс – бұл тұрақты балшық. Барлық ластанудың алаң шегінде қалуы үшін шаралар қарастыру қажет.
2) Түнгі уақытта шу ықтималдығын болдырмау.
3) Құрылыс объектісінің бойындағы тротуарлар жабыны қалпына келтіріле ме.
4) Автотұрақ орындары қарастырылған ба.
Сауалнама түріндегі қоғамдық тыңдаулар барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды талдау:
1) Ескерту тапсырыс берушімен қабылданды және жобада ескеріледі – Құрылыс алаңы қоршалады. Құрылыс қоқыстарын шығару СЭС-пен келісілген орындарға жүзеге асырылады, құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша мердігерлік ұйыммен жасалған шартқа сәйкес.
2) Ескерту тапсырыс берушімен қабылданды және жобада ескеріледі – Құрылыс тек күндізгі уақытта жүргізіледі.
3) Ескерту тапсырыс берушімен қабылданды және жобада ескеріледі – Құрылыс аяқталғаннан кейін барлық бұзылған аумақтар қалпына келтіріледі.
4) Ұсыныс тапсырыс берушімен қабылданды және жобада ескеріледі – Нысан автотұрақ орындарының нормативтік санымен қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы: Казакова И.Г
(Тегі, аты және әкесінің аты, қолы)
Тапсырыс беруші: Ли С.В
(Тегі, аты және әкесінің аты, қолы)