Тауға шығу ережелері

Тауға шығу ережелері

Серуеннің басты қағидасы: ең жақсы жол – қысқа емес, қауіпсіз жол. Егер қауіпті учаскені өтіп кету немесе оны қауіпсіз, бірақ ұзақ жолмен өту таңдауы тұрса, даусыз соңғы нұсқаны таңдау қажет.  Тау жоталары, дауыл құлатқан ағаштар мен басқа да кедергілер арқылы күйрете өтуге мүмкіндік айналып өту жолы жоқ жағдайында және өз күгіңізге, мүмкіндігіңізге сенімділік, ауа-райы тұрақтылығы, топырақ, керек-жараққа сенімділік бар болған жағдайда ғана бар.

Өту кезінде қажетсіз, артық қозғалыстар, жүгіріс, секірулерден аман болу керек. Егер кедергіні айналып өту, қадамдап басу немесе одан түсу керек болса, секіру қажет емес. Артық тәуекелге ұшырағанша, қауіпсізденген дұрыс. Кез келген жеңіл жарақат – қалыпты жағдайда қауіп төндірмейтін тұрмыстық жағдайлардағы бұралып қалған аяқ, жарақат, сіңір созылу мен басқа да жарақаттар,  апаттық жағдайда зардап шеккенді ғана емес, барлық топқа да зақым келтіруі мүмкін. Сол себептен де қараңғыда, жаңбырда,  қатты жел кезінде, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүру қалаусыз. Жолға таңертең, ауыр шық түскенде немесе бірден жаңбырдан кейін шығу қалаусыз.  Суланып кеткен киім, аяқ-киім өзінің бастапқы жылу қорғау қасиетін жоғалтады, тез тозады, теріні ысқылап тастайды.

Жердің өтуге қиын орындары бойынша климаттық-географиялық аумақтардың көбі үшін бірнеше жалпы, ең әділ нұсқамалар бар. Егер қауіпсіздікке қайшы келмесе, барлық аумақтарда қозғалу үшін дөңес пішінді рельеф таңдау қажет, өйткені көрініс жақсырақ, және бақылау жасау, хабардар болу, апат белгісін беру жеңілірек (жұмсақ шоқтар, тау жоталары және т.б.).

Тауға серуендеуге шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс. Сіз тауға топпен немесе жалғыз серуендесеңіз де өзіңіздін жолыңызды және қайтар уақытыңызды достарыңызға және жақындарыңызға және де Тәуелсіздік даңғылы 18 а үй мекен-жайы бойынша орналасқан Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына ескертіңіз немесе 4-57-51 номеріне қоңырау шалыңыз.

Риддер қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасы