Жұмыс кеңесі өтті

Жұмыс кеңесі өтті

9 маусым күні Риддер ЖЭО-да ШҚО әкімі аппаратының басшысы Б.К. Байахметовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске "Риддер ЖЭО" АҚ басшылығы, бас мердігер, жылу орталығын жөндеу жұмыстарын орындайтын ұйымдардың мердігерлері, "Казцинк" ЖШС және Риддер қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Әрбір мердігер жұмыстардың орындалу барысы, жабдықтар мен материалдарды жеткізу мерзімі туралы баяндап, проблемалық мәселелерді айтты. Негізгі мәселелер: қаржыландырудың болмауы, білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Кеңес қорытындысы бойынша Б. К. Байахметов өндірістік - техникалық бөлімнің жұмысын күшейтуді тапсырды,  яғны бұл қолда бар сметаларды түзету және барлық мердігерлік ұйымдардың жұмысын одан әрі үйлестіру үшін барлық бөлімшелердің жұмысына мониторинг жүргізетін басты орталық болуы тиіс.

Б. К. Байахметов  жөндеу жұмыстарының орындалу барысын бақылау үшін Риддер ЖЭО-да  3 күн болады.