2023 жылғы 26 мамырда Риддер қалалық әкімдігінің кезекті отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды

2023 жылғы 26 мамырда Риддер қалалық әкімдігінің кезекті отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды

2023 жылғы 26 мамырда Риддер қалалық әкімдігінің кезекті отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:

- Білім беру мекемелерінде «Оқитын мектеп» жобасын іске асыру туралы;

- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы;

- Риддер өңірінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру туралы;

- Қалалық коммуналдық меншікті пайдалану туралы.

«Оқитын мектеп» жобасы балалар кітап оқуының қазіргі дағдарысының басты мәселесін шешуге бағытталған және оны шешу отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігерінде жатыр. Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жалғасуда, барлық қаржыландыру көздерінен осы іс-шараларды іске асыруға 175 млн.теңге бөлінді.

Жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кәсіпкерлікті орнықты және теңгерімді дамыту бизнес субъектілерін қаржылық қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.