«Риддер қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы»

«Риддер қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы»

«Риддер қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы»

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы     30 наурыздағы № 8 хаттамасына,  «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бас санитарлық дәрігерінің  2020 жылғы 16 сәуірдегі № 3 қаулысына, төтенше жағдайға жедел әрекет ету Штабының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 1/192 шешіміне, «Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №49  өкіміне, коронавирустық инфекцияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Риддер қаласы бойынша жедел Штабының 2020 жылғы 16 сәуірдегі шешіміне сәйкес, COVID-19 таралуына жол бермеуге бағытталған алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар мақсатында:

  1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 49-ө өкімінің орындалуы қамтамасыз етілсін:
  • барлық меншік нысанындағы балабақшалардың қызметі 2020 жылдың 27 сәуірінен бастап тоқтатылсын.
  • Әмбебап базарлардың азық-түлік бөлімдерінің, сауда үйлерінің, азық-түлік емес дүкендердің, автобөлшектер дүкендерінің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, шиномонтаж цехтарының, автожуулардың қызметі тоқтатылмасын

    Аталған объектілер күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қолдана отырып, (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, күніне кемінде үш рет беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және т.б.) штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

  1. Риддер қаласына автомобиль көлігі қызметінің келесі шектеулері белгіленсін:

1) Автомобиль көлігінің қозғалысын күндіз шектетілсін және түнгі уақытта тоқтатылсын, келесі көліктерді қоспағанда:

- арнайы көлік;

- ауыл шаруашылығы және арнайы техника;

- автомобильге арнайы I типті рұқсаттамасымен (осы өкімге 1-қосымша);

- I типті дербес рұқсаттамамен адамдарды тасымалдайтын жеке көлік (осы өкімге 1-қосымша),

- маршруттық парақ бойынша күндізгі уақытта қала бойынша жүруге рұқсат беру туралы белгісі бар автомобильге II типті арнайы рұқсаттамамен (осы өкімге 1-қосымша),

- маршруттық парақ бойынша демалыс, мереке күндері және түнгі уақытта аптасына 7 күн қала бойынша жүруге рұқсат берілген белгісі бар автомобильге ІІІ типті арнайы рұқсаттамасы бар көлік (осы өкімге 1-қосымша) 

-  демалыс, мереке күндері және түнгі уақытта аптасына 7 күн қала бойынша жүруге рұқсат берілгені туралы белгісі бар III типті автомобильге (осы өкімге 1-қосымша) ресми тіркелген такси қызметтерінің арнайы рұқсаттамасы бар көлігі (осы өкімге 1-қосымша). 

2) түнгі уақытта көлік қозғалысын тоқтату уақыты сағат 20.00-ден 05.00-ге дейін деп есептелсін.

3) азаматтардың жеке автокөліктерінде сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін  (жұмысқа, жұмыстан) арнайы рұқсаттамасыз жүруге рұқсат етілсін.

4) азаматтардың жеке көлікте сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін, соның ішінде саяжайға арнайы рұқсаттамасыз жүріп-тұруына рұқсат етілсін.

5) «Казцинк» ЖШС, қаланың басқа кәсіпорындарына кесте бойынша сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін өз қызметкерлерінің қызметтік көлікте қозғалысын ұйымдастырсын.

6) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын.

  1. Халықтың жаяу жүруіне мынадай шектеулер белгіленсін:

1) жаяу жүруге сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін (жұмысқа, жұмыстан) арнайы рұқсаттамасыз рұқсат етілсін.

2) әлеуметтік төлем (42 500 теңге) және өзге де әлеуметтік жәрдемақы алушыларды қоспағанда, ІІ үлгідегі рұқсаттама (осы өкімге 2-қосымша)болған жағдайда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (дүкендер, дәріханалар, банктер, почта) халықтың жаяу жүріп-тұруына рұқсат етілсін.

Арнайы рұқсаттама жеке куәлік болған жағдайда ғана жарамды.

Ескертпе: II типті рұқсаттама қала аумағы бойынша халықтың жүріп-тұруына арналған. Бір пәтерге /үйге 1 рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушы сауда объектілеріне, дәріханаларға бару және сауда жасау, банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие. Рұқсаттаманы бір апта ішінде 3 рет пайдалануға болады. Бұл ретте қала халқының 50 пайызы жасыл түсті рұқсатттама алады, бұл оларға айдың жұп күндері сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді. Халықтың қалған бөлігі ақ түсті рұқсаттамалар алады, бұл оларға айдың тақ күндері сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді.

3)  ұйым қызметкерлерінің жаяу жүріп-тұруына қызметтік өкілеттігін орындау барысында қызметтік куәлікті немесе жұмыс орнынан анықтаманы көрсеткен кезде І типті арнайы рұқсаттамалары болған жағдайда рұқсат етілсін (осы өкімге 1-қосымша).

  1. Риддер қаласының аумағында карантиннің әрекет ету кезеңінде құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметтік куәлігін көрсеткен кезде қызметтік өкілеттіктерін орындау барысында кедергісіз жүруге рұқсат берілді (осы өкімге 3-қосымша).
  2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Риддер қаласының әкімі  Ж. Мұратов