
Нашақорлық және заңсыз есірткі айналымымен Халықаралық күрес күніне қарсы «Салауатты әдеттер марафоны» ұлттық бағдарлама шеңберінде «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК СӨС кабинетінің мамандары мен жалпы тәжірибе дәрігері «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп, балаларға арналған сауықтыру лагерінде 10 – 17 жастағы балалар арасында «Есірткісіз, еркін өмір сүр» тақырыбына әңгімелесу мен тренинг өткізді.
Мақсаты- дене белсенділігі мен спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткі қаупі мен оған деген негативтік көзқарас туралы түсіндіру.
Мамандар адам организміне есірткі зияны, оны қолдану салдары мен зиянды әдеттен қалай сақталу жолдары туралы айтып берді.
Соңында балалармен бірге жаттығулар жасалып, брошюралар мен буклеттер таратылды.