
«Риддер колледж» КМҚК бастамасымен «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, Жастар ресурстық орталығы, Риддер қаласының Ішкі істер бөлімінің қолдауымен 15 маусым күні «Біз - есірткіге қарсымыз!» жобасын іске асыру шеңберінде қалалық «Денсаулық марафоны» өткізілді.
Марафонға қатысушыларға қала әкімінің орынбасары А.Б. Ағажаева, Риддер колледжінің директоры С. А. Асқаров, Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімі басқармасының бастығы полиция майоры Ш. С. Асаинов құттықтау сөз сөйлеп, колледж студенттері есірткі және олардың салауатты өмір салтын таңдацтындары туралы өз пікірлерін білдірді.
350-ден астам қатысушы жүгіруге шықты: студенттер, педагогтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Өскелең ұрпақ іс-шараға өз үлестерін қосты. Мәреге жеткен қатысушыларға қалалық мәслихат депутаты Г.М.Гильдерман ұсынған сусындар мен ҚІІД қызметкерлерінен естелік сыйлықтар ұсынылды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.