
Медицина қызметкері күні қарсаңында Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаева Риддер қалалық ауруханасының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан психикалық денсаулық орталығының қалалық филиалының ұжымын құттықтады. Әсем Борисовна дәрігер мамандығы терең білімді, ерекше еңбекқорлықты талап ететін адамгершілігі мол және игілікті мамандық екенін атап өтті. Ең бастысы-рухани жомарттық, сезімталдық және жауапкершілік басты орында. Айта кететін болсақ , Абай облысында болған оқиғаларға байланысты медициналық мекеме ұжымы кәсіби мерекеге арналған салтанатты іс-шаралардан бірауыздан бас тартқан.