ШҚО-да жетуі қиын жерлердегі өртпен күресуде

ШҚО-да жетуі қиын жерлердегі өртпен күресуде

17 маусымда Катонқарағай ауданында, "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерлерде өрт шықты. Шөп, бұта жанып жатыр. Алдын ала ауданы 15 Га құрады.
Өртті сөндіруге "Қазавиаорманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Жеке құрамның барлығы 111 адамы, 3 бірлік техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Отпен күресуге қатысқан десант тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді.
Елді мекендерге қауіп жоқ.

17 маусымда "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында Риддер қаласынан 80 шақырым жерде жетуі қиын таулы орманды жерлерде өрт шықты. Жану ауданы шамамен 6 Га құрайды.
Өртті сөндіруге барлығы: орман шаруашылығы техникасы, ШҚО ТЖД, шекарашылардан 58 адам және 9 бірлік жұмылдырылды.
Облыс әкімі Е. Көшербаев, оның орынбасарлары, ТЖ департаментінің басшылығы әуеден барлап, жағдайды аспаннан да қарап отпен күресті бақылауда.
Жоғарғы өрт жоқ.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Жел екпіні 1 м/сек.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі