
15 маусымда қала әкімінің орынбасары М.Н. Байжуменов Бутаково ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға ағымдағы жылға арналған іске асырылған жобалар мен жоспарлар туралы ақпарат ұсынылды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтау, қоқыстарды шығару, арықтарды тазарту, қараусыз қалған жануарлар мәселесі және басқа да сұрақтар қойды.