
9 маусымда қала әкімінің орынбасары Ә.Б. Ағажаеваның Лесное ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Ағымдағы жылы Лесное ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мақсатында блоктық-модульдік станция орнату жоспарланған. Бұл жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. Өз кезегінде тұрғындар қоқыс шығаруды ұйымдастыру, көше жарығын орнату және көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтаудың болмауы жөнінде сұрақтар қойды.