
Орман өрттері дүлей апатқа жатады, олар кейде апатты салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Орман өрттері өзінен соң ұзақ уақытқа бос ойран қалған аумақты қалтырады. Ал олар от қауіптілігін бағаламау, орманда әрекет ету тәртібін бұзу, балалардың отпен ойнауынан бастау алады. Лақтырылған шылым тұқылы, серуеннен қалған шыны ыдыс және сөндірілмеген от көзі - мұның бәрі ықтимал өрт көзі болып табылады.
Үлкендер, балалармен табиғат аумағында бола тұра, көбінесе тиісті ережелер тәртібін сақтамай, жанғыш материалдарды пайдаланып от тұтатып, қоқыс қалтырып ойласымсыз үлгі көрсетеді. Сондықтан да, ең бірінші өзіңізді үлгі етіңіз, соңынан балаларға үйретіңіз! Ормандардағы қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындай отырып, табиғатты сақтап қалып, үлкен апатқа жол бермеуге болады.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- құрғақ, ыстық және желді ауа-райы кезінде от тұтатуға;
- орман алаңында, алаңқайларда, жайылымдарда шөп өртеуге;
- қылқан жапырақты жас талдар, төмен орналасқан ағаш шыбықтары астына от тұтатуға;
- күн көзі түсетін алаңқайларда бөтелке немесе шыны қалдықтарын, от алатын сіріңке, сөндірілмеген шылым тұқылдарын қалтыруға;
- тұтатылған отты толық сөндірмей қайтуға.
Орман өрттерімен күресудің ең ықтимал тәсілі – бұл абай болу мен тұтану туралы ескерту екендігін естен шығармаңыз.
Егер Сіз орман өртінің куәсі болсаңыз, егер өрт Сіздің өміріңізге және денсаулығыңызға қауіп төндірмесе оны өз бетіңізше сөндіру үшін барлық шараларды қолданыңыз. Шұғыл түрде өрт туралы 101, 112 өрт сөндіру қызметіне немесе 8 (72-336) 3-00-78 телефоны арқылы ШҚО ТР және ТПРБ «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не хабарлаңыз.
Бүгінгі күні, Риддер қаласының ормандарында жіктелімі жоғары өрт қауіптілігі сақталады, осыған байланысты ОРМАНДАРҒА БАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН. Демалыс орындарын патрульдеу үшін, орман күзеті қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері және Риддер қаласының полиция бөлімі қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылған. Барлық демалып жатқан тұлғалар мемлекеттік орман қоры аумағынан шығарылады, ал ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын осыған түсінікпен қарап, қайшылық жағдай тудырмауды сұраймыз.