
2023 жылғы 9 маусымда Риддер қ. аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтауларын сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және аталған шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Риддер қалалық жедел штабы.