2023 жылғы 9 маусымда Риддер қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр

2023 жылғы 9 маусымда Риддер қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр

2023 жылғы 9 маусымда Риддер қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі терроризм актілерінің әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан тыныштық сақтауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.

Риддер қалалық терроризмге қарсы жедел штабы.