
Риддер қаласында 2020 жылдың 18 сәуірінен бастап шектеу шаралары күшейтіліп, карантин жарияланды. Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері,1-МӨСБ-нің қызметкерлерімен бірігіп қалада рейд өткізді, онда автокөліктің қатты дауысты құрылғысы арқылы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы, сондай-ақ карантиндегі жеке бас гигиенасының негізгі ережелері туралы ақпарат берілді. Рейд банктердің,дәріханалардың және азық-түлік дүкендерінің аймақтарын қамтыды.
Риддер қ. ТЖБ