«Мемлекеттік рәміздер білгіші»

«Мемлекеттік рәміздер білгіші»

2023 жылғы 30 мамыр күні Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде "Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ "Тілдерді оқыту орталығы" КММ "Мемлекеттік рәміздер білгіші" қалалық конкурсын өткізді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отаншылдыққа тәрбиелеу, қала тұрғындарының өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді білуге арналған конкурсқа 14 жастан асқан мектеп оқушылары, "Риддер колледжі" КМҚК студенттері, сондай-ақ Риддер қаласының 1-МӨСШК, 14-ӨСБ қызметкерлері қатысты.  Қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінің Туларын анықтап, Елтаңбаның, Тудың мағынасы туралы айтты. 

Орындар келесідей бөлінді:

Бас жүлде - Тілеуқанов Нұрдәулет Нұржанұлы

1-орын Кеңес Шұғыла Болатқызы;

2-орын Сембаев Азамат Сембайұлы;

3-орын Виноградова Лада Сергеевна.

Барлық қатысушылар қатысқандары үшін Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д. Д. Қосантаевтан  бағалы сыйлықтар мен дипломдар алды.