"Жайлы мектеп"

"Жайлы мектеп"

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасына сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында облыста 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде Риддер қаласында Киров көшесі бойындағы 1 мектеп бар.

"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес орта білім беру ұйымдарының жаңа объектілерін нысаналы салу тапсырыс берушінің функциялары берілген "Samruk-Kazyna Construction" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Мектепті салуға қаланың жергілікті атқарушы органдары жер телімдерін белгіледі. Облыстың қаражаты есебінен жер учаскелерін тұрақты және уақытша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 600 орындық мектеп бойынша жобалау және құрылыс жұмыстары басталады, пайдалануға беру мерзімі 2024 жыл.

Бұл Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтық факторларын жою, сондай-ақ білім беру ортасының (инфрақұрылымның) жаңа стандарттарын енгізу болып табылады.

Жайлы мектептердің ерекшеліктері – бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда оқиды. Бұл қауіпсіздік шараларын арттыру мәселелеріне байланысты. Олардың әрқайсысында психолог және логопед, работотехника, биотехнология кабинеттері, STEM зертханалары, хореография залы, коворкингтер, 600 орындық мектептерге арналған жеке спорт залдары (бастауыш және орта сыныптар үшін) болады.