
2023 жылғы 20 мамыр күні Риддер қаласының Мәдениет сарайының театр залында "Зажги свою звезду" қалалық жас дарындар фестивалі өтті. Бимен қаланың хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетті:" Томирис","Ритмы детства", "Экзерсис"," Престиж"," Реверанс"," Элегия", "Каприз", "Грация" спорттық - бал би студиясы. Дарынды жастар көрермендерді биімен, сахналық бейнелерімен, керемет костюмдерімен таң қалдырды. Жас ұрпақтың дамуына қосқан үлесі үшін, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін хореографтарға алғысымызды білдіреміз! Шығармашылық шеберлікті, жаңа композицияларды және, әрине, жеңістерді одан әрі арттыруды тілейміз!