
2023 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасында тілдер саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын орындау шеңберінде "Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ "Тілдерді оқыту орталығы" КММ "Заман аруы - 2023" қалалық байқауын өткізді. Байқауға үш тілді меңгерген 20-30 жас аралығындағы жас аналар қатысты. Байқауға қатысушылар мақал-мәтелдерде, өлеңдерді мәнерлеп оқуда, ән айтуда, би орындауда, уақытқа "жайма" қамырын жаюда, ас пісіруде, ас құралдарын жинақтауда өз шеберліктерін көрсетті. Барлық байқауға қатысушылар мұқият дайындалып, көрермендер мен қазылар алқасын өз нөмірлерімен таңқалдырды! Қатысушыларға қолдау көрсету үшін туыстары, жақындары, әріптестері келді. Байқау өте қызықты және әсерлі өтті.
Орындар келесідей берілді:
Бас жүлде-Мұхтарбекова Алида Мұхтарбекқызы
1-орын Тарина Гүлзат Дәулетбекқызы
2-орын Кабирова Адель Рамильқызы
3-орын Дүйсембина Әйгерім Аянқызы
Қатысқандары үшін Қайсенова Гүлнара Жақсылыққызы, Серікбек Нұршаш, Бижанова Ақбота Советбекқызы грамоталармен марапатталды. Құттықтаймыз!