
Қатысушылар үшін концерттік бағдарлама және отбасы мен отбасылық құндылықтар туралы мақал-мәтелдерді білуге арналған байқаулар ұйымдастырылды. Риддер қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Ағажаева барлық қатысушыларды құттықтап, көпбалалы аналарды және өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі болып табылатын Вильт отбасын алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.