«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті қала тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне құжаттар қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң моделін танымал етуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) отбасы институтын, имандылықты, руханилықты нығайту, ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану;

2) бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және қарт ата-аналарына қамқор болуын көрсету және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияларға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, арнайы нысан бойынша 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 2023 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін 8/72336/44343, 87772979472 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.