Сіздің періштеңізде, қанаты жоқ!!!

Сіздің періштеңізде, қанаты жоқ!!!

Жыл сайын көктемнің басталуымен кішкентай балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты, жазатайым оқиғалар көбеюде.Көп жағдайларда құлау ересектердің балаларды бақылаусыз қалдыруынан, туыстардың терезелерді жабуды ұмытуынан, терезенің бұғатталмауы немесе құлыпты-тұтқалардың болмауы және де үйдегі жиһаздардың дұрыс орналаспауы, балаларға терезе тақталарына өздігіне шығуға мүмкіндік береді. Балалардың терезеден құлауына байланысты олар ауыр бас жарақаттарын, орталық жүйке жүйесінің зақымдануын және ішкі ағзалардың зақымдануын алады, ол ұзақ емделу және қалыпқа келтіруді талап етеді. Кейде балалар денсаулығын толық қалпына келтіре алмай өмір бойына мүгедек болып қалады.Балалар оқыс орнында немесе ауруханада барар жолда қайтыс болуы да сирек емес.

Балалардың өмірін сақтайтын бірнеше ережелерді есте сақтаңыз!!!

  1. Құлау көбінесе ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде пайда болады.Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
  2. Баланың терезеге көтерілмеуі үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
  3. ЕШҚАШАН москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше масалардың торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді.Көбінесе балалар сеткамен бірге құлап жатады.
  4. Мүмкін болса, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз, яғни күрделі ашуды қолданыңыз
  5. Баланың терезені толығымен ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы ілгектерді терезелерге қойыңыз.
  6. Терезе торларын салу арқылы терезелерді қорғаңыз.Торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден қорғайды.
  7. Егер сіз балаға терезеден бір нәрсені көрсетсеңіз, оны әрдайым мықтап бекітіңіз,баланы кенеттен қозғалысына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғатыңыз,баланы киімнен ұстаңыз.

Назар аударыңыздар:

*Егерде сіз терезенің барлық өлшеміне тор қоятын болсаңыз, өрт болған жағдайда оны тез арада ашуға мүмкіндік болуы керек! Терезені толықтай тормен бітеп жаппаңыздар, бірінші қабатта тұрсаңызда ол сіздің өміріңізге өте қауіпті!

*Тордың қандай түрі болмасын, темір сымдардың аралығы баланың басының өлшемінен үлкен болмауы керек (10см артық емес). Егер баланың басы темір сымдардың арасына сыйятын болса – онда бұл тордың пайдасы жоқ!

 

Риддер қ. ТЖБ