
Қазір АХАТ органдары тууды, өлімді, некені қиюды және бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді, қалпына келтіреді және күшін жояды.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң азаматтық хал актілерін тіркеуді осы жылдың 1 шілдесінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына беруді көздеуде.
Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Осы кезеңде мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді ресімдеу, жер учаскелеріне құжаттарды ресімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымалы мүлік кепілдерін тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру, заңды тұлғаларды тіркеу қызметтерін қабылдауды және өңдеуді шоғырландырды.
АХАТ функцияларын мемлекеттік корпорацияға беру АХАТ органдарын жоюды көздемейді, өйткені олар тиісті құзыреті бар мемлекеттік корпорацияда орналасатын болады.