
2023 жылғы 3 мамырда «Риддер қаласы бойынша білім бөлімі» КММ Риддер қаласы әкімдігінің қолдауымен "Отан қорғаушылар күні" мерекесіне арналған іс - шаралар аясында Ұлы Отан соғысына қатысқан шығыс қазақстандық батырларды еске алу, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, олардың әскери қызметке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Модуль» спорт кешенінің базасында қаланың орта мектептері оқушыларының арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау шеңберінде Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан қалалық турнир өткізді.
Турнирге қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 командасы қатысты. Турнир саптық байқау, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру, тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, лақтыру, газқағар кию, әскерилендірілген эстафета номинациялары бойынша өтті.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «№1 мектеп-лицей» КММ командасы;
2 орын – «№ 10 орта мектебі» КММ командасы;
3 орын- «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ командасы.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, қатысушылар-тиісті дәрежелі медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізулерімен құттықтаймыз!