2023 жылғы 2 мамыр күні сағат 18.00-де Риддер қаласының Мәдениет сарайының театр залында Н. Жантурин...

2023 жылғы 2 мамыр күні сағат 18.00-де Риддер қаласының Мәдениет сарайының театр залында Н. Жантурин...

2023 жылғы 2 мамыр күні сағат 18.00-де Риддер қаласының Мәдениет сарайының театр залында Н. Жантурин атындағы Атырау облыстық филармониясының Қ. Ахмедияров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрінің гастрольдік концерті өтті. Тыңдаушылар мен көрермендерді қазақ халқының рухани мұрасымен таныстыра отырып, кәсіби-домбырашылардың виртуоздық ойыны риддерліктерді бей-жай қалдырмады. Аншлагпен өткен концерт Риддер көрерменіне ұмытылмас әсер қалдырды. Көрермендер оркестр әртістеріне қошемет көрсетіп, керемет музыканы тамашалауға мүмкіндік алды.

Концерт  халық аспаптарының ғажайып дыбысын тыңдауға, ұлттық мәдениет әлеміне енуге мүмкіндік бергені үшін Риддер қаласы әкімінің м.а. Д.Д. Қасантаевтың алғыс сөздерімен аяқталды. Музыкаға аудармашылар қажет емес, өйткені музыка әр адамның жан дүниесін толқытады!