
18 сәуірден бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалында жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беруге өтінімдер қабылдау басталды.
Несиелеу шарттары:
Қарыз сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%;
Қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін-5 жылға дейін.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Жастарға микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған agrocredit.kz және телефон бойынша: 87010061651.