
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер тіркеуші органның қатысуынсыз электрондық хабарлама негізінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы автоматты режимде енгізілетін назарға алуыңызды сұраймыз.
Бір құрылтайшыдан көп болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы өзгерген кезде хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі –ЭЦҚ) арқылы беріледі (МИБ қоспағанда). Осы хабарлама жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦҚ арқылы келісіледі.
Егер құрылтайшы жалғыз болса, онда келісу онымен жүзеге асырылады.
Енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды тұлғаның өзі жауапты болады.
ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының тіркеу және жер кадастры жөніндегі Риддер қ. бөлімі