«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің басталғаны туралы хабарлайды

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің басталғаны туралы хабарлайды

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.

Байқауға қатысу тегін.

Байқауға төрт номинация кіреді: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.

Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдейді және ұсынады.

Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, Риддер қаласының әкімдігі қаланың барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырады.

«Парыз» конкурсы туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ хабарласуыңызды сұраймыз, тел.8 (72336) 4-48-82.

Өтінім әлеуметтік жауапкершілік бойынша конкурсқа қатысушының бизнес "Парыз"

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері