II қайырымдылық ”Будем жить!” фестивалі өтті

II қайырымдылық ”Будем жить!” фестивалі өтті

2023 жылғы 7 сәуірде Өскемен қаласында "Ertic Кontsert" КМҚК ғимаратында II қайырымдылық "Будем жить! фестивалі өтті. Фестиваль аясында түрлі шығармашылық және әлеуметтік маңызы бар іс шаралар өтті:
-сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының, оның ішінде мүгедек шеберлер мен қарттардың көрмесі;
-әр түрлі бағыттар бойынша шеберлік сыныптары, соның ішінде арт-терапия;
- мүгедектер мен қарттар арасындағы шығармашылық байқаулар;
- мүгедектер мен қарт адамдарға нақты атаулы көмегі бар қайырымдылық акциялары;
- мүгедектер мен қарттарға арналған түрлі білім беру, сауықтыру, шығармашылық және оңалту жобаларының тұсаукесерлері;
- "Будем жить!" қорытынды концерттік шоу өтті. Риддер қаласынан сәндік - қолданбалы өнердің 3 шебері, сондай-ақ "Дружане" және "Берегиня" ансамбльдері қатысты.