
ШҚО ББ "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2023 жылы 7 сәуірде ШҚО ББ "Горький атындағы негізгі орта мектебі" КММ-нде "Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалармен сабақ және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдер" атты қалалық семинар өтті.
Семинардың жұмысына қала мектептерінің басшылары, директордың орынбасарлары, педагог-психологтар қатысты.
Семинар барысында мектеп ұжымы инклюзивтік білім беруді іске асыру, балалармен оқытуды ұйымдастыру бойынша іс- тәжірибелерін ортаға салды. Түрлі тренингтер, шебер -сыныптар жүргізілді.
Кері байланыстың қорытындысы бойынша семинардың жұмысына жоғары баға берілді.