2023 жылдың 30 наурызында сегізінші сайланған Риддер қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

2023 жылдың 30 наурызында сегізінші сайланған Риддер қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Күн тәртібі:

  1. Сегізінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының төрағасын сайлау туралы.
  2. Сегізінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрылуы және дербес құрамы туралы.
  3. Сегізінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.

 

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар мәслихат жұмысының ұйымдастырушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдады:

  1. Сегізінші сайланған Риддер қалалық мәслихатының төрағасы болып Нужных Евгения Сергеевна сайланды.
  2. Үш тұрақты комиссия құрылды, олардың жеке құрамы мен төрағалары сайланды және бекітілді:

1) Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму бойынша (экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта бизнес):

Загидуллин Ильгиз Рафаильевич;

Донцова Евгения Андреевна;

Каирденов Кажумхан Алимханович;

Канапиянов Есилхан Каирбекович;

Китаппаева Гульнар Социаловна;

Титарева  Юлия  Владимировна (тұрақты комиссияның төрағасы);

Хан Константин Витальевич;

2) депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және әлеуметтік мәселелер бойынша (депутаттар мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық тәртіп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл, денсаулық сақтау, білім беру және тілдерді, мәдениетті, жастар мен спортты дамыту мәселелері):

Гильдерман  Галина  Михайловна (тұрақты комиссияның төрағасы);           

Загидуллин Ильгиз Рафаильевич;

Донцова Евгения Андреевна;

Канапиянов  Есилхан  Каирбекович;

Китаппаева  Гульнар  Социаловна;

3) экология, абаттандыру және коммуналдық меншік бойынша (экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік, байланыс, жол шаруашылығы, абаттандыру, коммуналдық меншік, құрылыс және қала құрылысы мәселелері):

Анфилофьев Михаил Викторович;

Каирденов Кажумхан Алимханович;

Стребков  Виктор  Григорьевич;

Попов Павел Сергеевич (тұрақты комиссияның төрағасы);

Титарева  Юлия  Владимировна;

Хан Константин Витальевич.

 

Жақын арада қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу кестесі және қалалық мәслихат төрағасының, сондай-ақ тұрақты комиссиялар төрағаларының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кестесі қалыптастырылатын болады.