Құрметті әйелдер!

Құрметті әйелдер!

          Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі, махаббат пен әдеміліктің мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Мүмкін, әйелдер мерекесі көктемнің басталуымен, қуанышты жарқын күнмен, табиғаттың оянуымен, жердегі жаңа өмірдің пайда болуымен сәйкес келуі кездейсоқ емес шығар.

      Сіздер әлемді сүйкімділік пен рухани жылулыққа толтырасыздар, игі істер жасауға барыңызды саласыздар. Барша әйелдер  тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.

Құрметті аналар, әйелдер, қыздар, әпкелер мен әжелер! Әрқашан құшақтарыңыз гүлге толып, жақындарыңыздың назарына бөленіп жүре беріңіздер!  Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және зор бақыт тілеймін!

 

 

Риддер қаласының әкімі                                               Д. Горьковой