
2023 жылғы 22 ақпанда Риддер қаласының ТЖ Басқармасы қызметтермен, қаланың санатталған ұйымдарымен, қалалық эвакуациялық комиссиямен және құрама эвакуациялық пункттердің бастықтарымен дөңгелек үстел өткізді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің деңгейін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға жоғары дайындықты қамтамасыз ету мақсатында жиналыс барысында "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының және азаматтық қорғаныс саласындағы заңға тәуелді актілердің негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Отырыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар бірінші жартыжылдыққа арналған тексеру кестесімен танысты, қорғаныс құрылыстарын түгендеу, су тасқыны қаупі бар кезеңге дейін уақытша орналастыру пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәселе қаралды, құрама эвакуациялық пункттердің бастықтарына жаңа тапсырмалар берілді.
Риддер қ. ТЖБ