№3кітапхана- бөлімшесінің қызметкерлері №5 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына «Парасат жолы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Балалар сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның пайда болу себептерін, онымен күресу әдістері мен жолдарын білді. Сыбайлас жемқорлықтың қыры қазақ жазушылары мен орыс классиктерінің әдеби шығармалары контекстінде атап өтілді.