
19 қаңтарда сағат 06: 54-те "Риддер ЖЭО" АҚ отын беру цехында өрт басталды.
Өртті сөндіру үшін ӨСБ-1, ӨСБ-14, КУНГ ГАЗ, арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ. Отын беруді қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жылу желісінің температурасы уақытша төмендейді.
Қала әкімі Д. Горьковой өрт орнында.
Шұғыл түрде облыс әкімі Д. К. Ахметов келді. Облыстық ТЖ штабынан ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Қала тұрғындарына сабырлық сақтауларын сұраймыз.