Орталық балалар кітапханасында жастар саясатын насихаттау,

Орталық балалар кітапханасында жастар саясатын насихаттау,

 өз пікірін қалыптастыруға үйрету мақсатында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" арнайы жобасы бойынша "Жаныңда жүр жақсы адам"көрмесі ұйымдастырылды. Көрме келесі бөлімдерде ұсынылған материалдармен таныстырады:" Ұлттық рухани жаңғыру"," Қарапайым батырлар","Жақсы адамдар кітап беттерінде".
Көрменің басты идеясы-батырлық іс-әрекеттер жасайтын, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыратын, өз ақылдылығымен және талантымен Қазақстан тарихын құратын замандастарының тағдырына балалардың назарын аудару.