
Ауа-райының нашарлауына байланысты (түтек боран, көктайғақ) ШҚО ТЖД-да шұғыл жағдайларға ден қоюы үшін жедел штаб құрылды. Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін 55-38-19 нөмірі бойынша «қауырт желі» жұмыс істеп тұр.
Облыста уақытша жылыту үшін 10 пункт пен құтқарушылардың 700-ден астам техникасы дайын. Тұрғындарды ауа-райы жағдайының нашарлауы туралы хабардар ету үшін СМС-хабарлама, сондай-ақ «Дармен» қосымшасы арқылы ақпарат таратылды.
Өңірде дауылды ескерту сақталуда. Қазіргі таңда автожолдың 8 учаскесі жабық.
1. Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы
2. Герасимовка а.-Семей қ.
3. Калбатау – К.Кайсенов
4. Тарғын-Самар
5. Абай обл. шекарасы – Шемонаиха
6. Шемонаиха – Секисовка
7. Шемонаиха – Үлкен өзен
8. Өскемен- Таулы Үлбі- Северное
ШҚО ТЖД азаматтардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, елдімекеннен тыс шығудан бас тартуды сұрайды.
Төтенше жағдай туралы 112-ге хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі