
Құрметті жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жылы көптеген қиындықтар болды, бірақ олар бізді біріктіріп, күшіміз бен мүмкіндіктеріміздің қосымша резервтерін ашуға мәжбүр етті. Жаңа жыл қарсаңында біз қорытынды жасаймыз, болашаққа жоспар құрамыз. Мен жаңа, 2021 жыл, бізге позитивтілік әкелетініне және ең қымбат тілектерді орындауға жақындайтынына сенімдімін! Ол жаңа жетістіктер мен жасампаздық кезеңі болсын!
Біз жаңа жылды ізгі ниетпен, жаңа жетістіктерге деген үмітпен қарсы аламыз. Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын.
Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ - береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.Бақытты болыңыздар, қымбатты жерлестер! Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Құрметпен,
Риддер қ. әкімі Дмитрий Горьковой