
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Спорттағы жетістіктері үшін» іс-шарасы өтті. Риддер қаласы әкімінің орынбасары А.Ағажаева мен «Риддер қаласының «МТДФЖСБ» ММ басшысы Н.Мироненко оқушылардың жоғары көрсеткіштері мен жеке жетістіктері үшін спорттың әртүрлі түрлері бойынша жаттықтырушылар құрамын, сондай-ақ спорт ардагерлерін және армлестлинг және параармрестлингтен Әлем чемпиондарын құттықтады. Барлық қатысушыларға Риддер қаласы әкімінің грамоталары мен естелік мүсіншелер табыс етілді. Жаттықтырушылар мен спортшыларға жаңа жылда жаңа жарқын болашақ, жетістіктер мен өрлеуді тіледі!