
, елеулі нәтижелерге қол жеткізген қала жастарының қызметін көтермелеу және ынталандыру мақсатында «Риддер жастары-2022» әкімнің жыл сайынғы сыйлығын салтанатты түрде тапсыру өтті. Биылғы жылы сыйлық 3 номинация бойынша берілді: «Жылдың үздік жас батыры», «Мектептің үздік президенті», «Үздік жас металлург». Жоғарыда аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар: БЕРІК САМАТ БЕРІКҰЛЫ – «Жылдың үздік жас батыры», Лещенко АЛЕКСЕЙ АЛЕКСЕЕВИЧ – «Жылдың үздік жас батыры», СЛАМЖАНОВ АБЫЛАЙ ЖАНАРБЕКҰЛЫ – «Мектептің үздік президенті», ДОНЦОВ КОНСТАНТИН СЕРГЕЕВИЧ – «Үздік жас металлург». Жеңімпаздарға Риддер қаласының әкімі Д. А. Горьковойдың дипломдары және бағалы сыйлықтары табыс етілді. Жастарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және кәсіби қызметте табыс тілейміз, сіздердің игі істеріңіз біздің Ұлы Отанымыз – Қазақстан Республикасының даңқын арттырсын!