
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2022 жылғы 5 желтоқсанда салтанатты жағдайда жас мемлекеттік қызметші «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ бас маманы Е.А. Цагаанбаатарын ант берді. Қала әкімінің орынбасары Ә.Б. Ағажаева және «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ басшысы Ә.М. Жұмабаева тілек сөздер айтты. Әріптестері жас мемлекеттік қызметшіге сәттілік тілеп, елге адал қызмет етулерін тіледі.