
2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Қазақстанда "Қыс-2022" РКШЖ Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оқу-жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілді. Риддер қаласының азаматтық қорғау қызметтеріне алдын ала ұйымдастырушылық нұсқаулар берілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде, 24 қараша күні сағат 9.00-де қала әкімдігінде Азаматтық қорғау қызметтері бастықтарының қатысуымен әкімнің орынбасары М. Н.Байжуменовтың төрағалығымен Риддер аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Риддер қ.ТЖБ бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Е. В. Тарасов азаматтық қорғау қызметтерінің әрқайсысының оқу-жаттығуларының негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.
Комиссия жұмысына қатысқан ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.К. Тоқанов қойылған міндеттерді орындау және жалпы қысқы кезеңнен сәтті өту үшін ниет-шарттарды жаңарту, өзара іс-қимыл жоспарларын пысықтау, қызметтердің дайындығын тексеру қажет екендігін атап өтті
Ұйымдастырушылық нұсқауларға сәйкес "Қыс - 2022" РКШЖ шеңберінде Риддер қаласында қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға даярлығы жоғары қалалық шұғыл ден қою жиынтық жасағымен азаматтық қорғау құралымдарының іс жүзіндегі іс-қимылдарын пысықтай отырып, нақты жағдайға жақын жағдайларда тактикалық-құтқару оқу-жаттығуы жоспарланған.
Риддер қ. ТЖБ