
1 наурыз күні Мәдениет сарайының алаңында «Масленица» мерекесі кеңінен тойланды. Қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама, мерекелік жәрмеңке, байқаулар, спорттық ойындар әзірленіп, басқа да көптеген іс-шаралар өткізілді. Мерекенің қорытындысы ретінде қарақшыны өртеді. Қала тұрғындары дәстүрге сәйкес көктемді көтеріңкі көңіл-күймен өте тамаша қарсы алды.