Риддер тарихи-өлкетану музейінде 2 қарашада Республика күніне арналған мектеп экскурсоводтарының қалалық байқауы аяқталды.

Риддер тарихи-өлкетану музейінде 2 қарашада Республика күніне арналған мектеп экскурсоводтарының қалалық байқауы аяқталды.

 Байқауға қаланың жеті оқу мекемлерінің шығармашылық командалары қатысты: Бутаково а. НОМ, М. Горький атындағы НОМ, №3 ОМ, №5 ОМ, №10 ОМ, №16 ОМ және жаңадан ашылған №11 мектеп.
Бірінші кезеңде оқушылар «Менің мектебім» бейне экскурсиясын түсірді. Екінші кезең музейде іштей болды. Жас экскурсоводтар музей қорларынан жеребе бойынша жеткізген бір жәдігердің тарихын дайындады. Самовар мен сандық, баспа машинкасы мен қонжық және өткеннен қалған көптеген қызықты заттар туралы әңгімелер айтылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды атады: 1 орын – №3 ОМ және М.Горький атындағы НОМ командалары, 2 орын- № 16 ОМ командасы, 3 орын - № 11 мектеп командасы.
Сонымен қатар, барлық қатысушылар мектеп экскурсоводтарының атаулы сертификаттарын, сондай-ақ Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жүлделерін алды.