ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қалай өткізіледі

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қалай өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат-ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы аясында сайлау науқаны кезеңдерінің ұзақтығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйектен 11 қазанға дейін (19 күн) өтеді.
29 күн, 23 қыркүйектен 21 қазанға дейін кандидаттың Конституция мен "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ қолдарды жинау және тексеру жүзеге асырылатын болады.
Сайлау науқаны 28 күнге созылады-21 қазан сағат 18:00-ден 18 қарашаға дейін.
19 қараша-тыныштық күні.
20 қараша-дауыс беру күні.
Алдын ала қорытындыларды шығару 21-22 қараша аралығында өтеді. 27 қарашаға дейін сайланған Президенттің қорытындысы мен тіркеуі белгіленеді.
Бұған дейін ҚР Президенттігіне кандидаттардың қандай талаптарға сай болуы керектігі туралы хабарланған болатын.