
ҚР Президенттігіне кандидаттардың телекөпірі қашан өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентіне кандидаттардың телевизиялық пікірталастарын 11 қарашада "Хабар"телеарнасында өткізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.
"11 қарашада біз президенттікке кандидаттардың қатысуымен "Хабар" телеарнасында телевизиялық пікірталас өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл туралы алдын ала айтып отырмыз, кандидаттар мен олардың штабтарының алдын ала толық дайындалу мүмкіндігі болуы үшін сайлау алдындағы үгіттің басында", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова түсіндіргендей, Президенттікке кандидаттар сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы.
"Сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын Орталық сайлау комиссиясы айқындайды", - деп қосты ОСК мүшесі.
Бүгін сағат 18: 00-де Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды.
Президенттікке үміткерлер алты адамды тіркеді